Добро пожаловать
Вход

Тоғыз мыңнан астам оқушы мектеп бітірді: Шымкентте соңғы қоңырау қалай өтті?

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

URL

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

К сожалению, только зарегистрированные пользователи могут создавать списки воспроизведения.
URL


Добавлено от telderi2020 В Олимпиада по географии
1 Просмотры

Описание

Шымкентте биыл тоғыз мыңнан астам оқушы мектеп бітірді. Ең бастысы биылғы оқу жылында алтын белгіге үміткерлердің саны артқан. Сән-салтанатпен қоңырау соғылған оқу ордаларының біріне қала басшылығы арнайы барып, түлектерді ерекше мерекесімен құттықтады.
Шымкенттегі № 65 мектеп-гимназиясындағы салтанатты шараға ұстаздар қауымы да, бітіруші түлектер де ерекше дайындықпен келгені аңғарылады. Әсем безендірулер осының айғағы. Бітіруші түлектердің көңіл-күйі де әдеттегіден өзге. Олимпиада жеңімпаздары да аз емес екен. География-математика саласын таңдаған Дулат Сейсенбеков те үздіктер қатарында. Пандемиялық ахуал қиындықтар тудырғанымен, ұстаздар ықыласы бізді алға жетеледі деді.
ДУЛАТ СЕЙСЕНБЕКОВ, Шымкент қаласы № 65 мектеп-гимназиясының түлегі:
– Олар бізге қолдау көрсетіп, барынша білім беріп, осы жылы қуанышпен және де бір жағынан мектепті қимайсың әрине. Аралас сезім деп айтсам де болады.
Оқу ордасындағы салтанатты шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, .құттықтау сөз сөйледі. Кейін бірқатар оқушыға «спорт майталманы», «былғары қолғап шебері», «мектеп көшбасшысы», «сахна саңлағы» номинациялары бойынша сый табыстады.
ШЫҢҒЫС МҰҚАН, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары:
– Алтынсарин мектебіне келіп, ақжолтай құттықтауымызды айттық. Қалаған мамандықтарына оқуға түссін. Мықты маман болсын. Иә, иә. Жолы болсын, түлектердің.
Мектеп түлектері концерттік бағдарлама ұйымдастырған. Бірі ән салды. Көпшілігі би биледі. Ақ жол болсын деген ниетпен аспанға әуелетіп ақ шарлар ұшырды.

Тоқсаныншы жылдары Шымкентте жетпіс мектеп, жетпіс екі мың оқушы болса, 2020-2021 оқу жылында 186 мектепте 226 мыңнан астам оқушы білім алған. Оның 9 342 мектеп бітірді. Ал 513 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.








Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - http://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - http://instagram.com/informburo31
Vkontakte - http://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#соңғы_қоңырау #мектеппен_қоштасу #Шымкент

Написать комментарий

Комментарии

Комментариев нет.
RSS


Добро пожаловать на наш сайт. Здесь Вы сможете посмотреть огромное количество видео-отзывов о товарах, которые пользователи приобретали в сети интернет в соответствующих интернет-магазинах. Наш сайт не осуществляет какие-либо реализации товаров или услуг, а служит ресурсом ознакомительного характера для возможности принять решение о приобретении товаров, ранее купленных пользователями сети интернет. Также уведомляем правообладателей каких-либо товарных знаков о том, что сайт не загружает и распространяет какие-либо видео, контент, нарушающий исключительные права владельцов товарных знаков. Все ссылки на видео взяты из открытого источника по API информационного ресурса youtube.com. Если у Вас остались вопросы по поводу функционирования сайта или Вы хотите, чтобы Ваш бренд был освещен на нашем сайте в качестве дополнительной рекламы, при этом на каналах youtube достаточно много пользовательских видео-отзывов о Вашем бренде, напишите нам через форму обратной связи и мы с удовольствием добавим информационные материалы на сайт с целью продвижения Вашего товарного знака и для возможности получения информации нашим пользователям о Вашем товаре.