"MYŃ BALA" ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ
Описание
Аймақта алғаш рет жалпы білім беретін мектептердің 5 және 6 сыныптарында білім алатын дарынды балаларды қолдауға арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы өтті. Білім додасына Атырау және шалғайдағы аудандардан 500-ге жуық оқушы қатысты. «Myń bala» жобасы еліміздегі дарынды оқушыларды анықтауға және еліміздің ең үздік білім ошақтарында білім алуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтіп отырған бұл жоба ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамытуға басымдық береді. Оқушылар арасындағы ұлттық олимпиада білім алушылардың функционалдық сауаттылығы, дағдылары мен бейімділіктерін анықтауға бағытталған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, білім сайысы «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндерінен тест емтихандарын ұсынады. Мұнда үміткерлердің логикалық және кеңістіктікте ойлау қабілеттерін анықтауға арналған тапсырмалар берілген. Олимпиаданың нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай жинаған 1 000 жеңімпаз, дарынды балаларға арналған мектептерде білім алуға жолдама алады.
Комментарии