"Мың бала" Ұлттық олимпиадасының бірінші кезеңінен өтуге арналған нұсқаулық
Описание
Бүгін «Мың бала» ұлттық олимпиадасының бірінші кезеңі басталды.
Бұл олимпиада ауыл мектептерінде оқитын балалар арасында өтеді. Бірінші кезеңдегі тестілеуден 2-3 сәуір күндері, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09:00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта өтуге болады.
Бірінші кезеңде логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауға арналған тесттік тапсырмалар беріледі. Бұл тест 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында онлайн-форматта өткізіледі.
«Мың бала» олимпиадасы финалистердің Елбасы академиясының Birge oqý онлайн-мектебінде оқуына, ал жеңімпаздардың еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде білім алуына мүмкіндік береді. Атап айтқанда, «Білім-Инновация» лицейлерінде, республикалық физика-математика мектебі мен «Дарын» арнайы мектептерінде оқуға болады.
Тестілеу өтетін күнге дейін Жеке кабинетке кіргеніңіз дұрыс. Логин мен құпия сөзіңіздің дұрыстығын тексеріп, Жеке кабинетпен танысып, «Тестілеу» бөлімін таба аласыз.
Барлық сұрақтар бойынша 8 800 080 48 48 call-орталығына хабарласуыңызға болады.
#1000бала
✍️«Елбасы Академиясы» жобасының әлеуметтік желілердегі парақшалары:
Facebook: http://www.facebook.com/elbasyacademy
Instagram: http://www.instagram.com/elbasy_acad...
Комментарии