12 ноября 2021 г.
Описание
«5-6 сыныптарға арналған Республикалық олимпиада»
Қараша айының 12-сі күні 5-6 сыныптарға арналған Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.
5-6 сынып оқитын оқушылардың республикалық олимпиадасы дарынды балаларды анықтау және дамыту, оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығын арттырудың тиімді нысандарының бірі болып табылады.
Олимпиаданың мақсаттары мен мiндеттерi:
▪ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
▪ теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету;
▪ жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету;
▪ дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау;
▪ халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау;
▪ Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.
Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді:
5 сынып:
1) қазақ тілі мен әдебиеті;
2) ағылшын тілі;
3) Қазақстан тарихы.
6 сынып:
1) жаратылыстану;
2) қазақ тілі мен әдебиеті;
3) математика.
Комментарии