Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада басталды
Описание
Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада басталды. Дәстүрлі білім жарысына 14 пәннен барлығы 725 оқушы қатысып жатыр. 5 күнге созылатын олимпиаданың бірінші күнінде химия, биология пәндерінен 117 бала сынақ тапсырды. Олимпиада "U-Stady" оқу орталығында өтіп жатыр. "U-stady" оқу орталығы қазіргі пандемия жағдайында оқушылардың пәндік олимпиадасын өткізуге ең қолайлы орын ретінде әдейі таңдалған. Әр аудиторияда бейне-бақылау камералары орнатылған. Әр баланың алдында бір-бір компьютерден. Тапсырмалар электронды түрде берілген. Осы айдың басында олимпиаданың аудандық, қалалық кезеңі өтіп, 725 бала іріктелген болатын. Ауылдардан келген 263 оқушы және осы жерден 462 бала облыстық олимпиадада бақтарын сынап жатыр. Бүгін олимпиаданың бірінші күнінде химия, биология пәндерінен 117 бала сынақ тапсырды. Жаратылыстану пәндерінен тапсырмаларды орындау 2 турдан тұрады. Бірақ 2 тур 1 күнде өтеді. Олимпиада өтетін 5 күннің алдыңғы 3 күні жаратылыстану пәндеріне арналған болса, соңғы екі күн гуманитарлық пәндерге арналған. Ал олимпиада өткеннен кейінгі келесі күн апелляциялық жұмыстар зум платформасында жүргізіледі. Айта кетейік, облыстық кезеңде топ жарған оқушылар республикалық олимпиадаға жолдама алады.
Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/
Twitter http://twitter.com/rika_kz
Вконтакте http://vk.com/rikatv
Комментарии