Биылғы ерекше ҰБТ аяқталды. Түлектердің орташа көрсеткіші 69,08 баллды құрады
Описание
Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Биыл мектеп бітіруші түлектердің жинаған орташа көрсеткіші 69,08 балды құраған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5 баллға жоғары.
Биылғы тестілеудің ең әуелгі ерекшелігі түлектер сынақты 2 мәрте тапсыруға мүмкіндік алды. Оған қоса, жауаптары электронды форматта толтырылды. Яғни, шәкірттер өз нұсқасын бұрынғыдай шимайламай, белгілеп кеткен жауабына қайта оралып, өзгерте алады. ҰБТ-ға 145 мың 288 түлек қатысқан. Оның 60 пайыздан астамы шекті баллды жинаса, 40 пайызға жуығы сынақтан сүрініп қалды.
Мамандар биылғы тестілеуде 5 пән бойынша қойылған сұрақтардың 30 пайызы жаңартылды дейді. Қауіпсіздік пен ашықтықты бақылау үшін 5 мыңнан астам бейнебақылау камералары пайдаланылыпты. Енді ондағы жазбаны тамыздың 25-не дейін мұқият қарап шығады. Ереже бұзу фактілерін зерделейміз деген мамандар түлектердің біраз қулыққа барғанын жасырмады. Биыл ереже бұзған 1305 шәкірт тестілеуге жіберілмеген екен.
НАУЖАН ДИДАРБЕКОВА, ҚР БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМКК директорының орынбасары:
– Жалпы осы ҰБТ кезінде түлектер бірнеше қулықтарға барды деп айтсақ болады. Оның ішінде жасырын камералар алып кіру, микроқұлаққаптар, шоколад қағазына қапталған смартфондар, үлкен өлшемді кроссовкаға ұлтарақ ретінде салынған смартфондар, маска шпаргалкалар. Осындай сияқты әрекеттерге жол берген тестіленушілер болды. Олар тиісінше,тестілеуге жіберілген жоқ.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - http://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - http://instagram.com/informburo31
Vkontakte - http://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#ҰБТ #жастүлек2021 #тестілеу
Комментарии