0, 1, 2, 3 цифрларынан қайталанатын цифрлары жоқ қанша төрттаңбалы сан құрастыруға болады / ААГ
Описание
0, 1, 2, 3 цифрларынан қайталанатын цифрлары жоқ қанша төрттаңбалы сан құрастыруға болады | Альсейтов ББО атты бейнеролик. Бұл бейнероликте математика және математикалық сауаттылық пәндерінен ҰБТ-да кездесетін, сонымен қатар 8-9-сынып оқушылары үшін әртүрлі деңгейлердегі олимпиадалар мен регаталарда кездесетін бір есеп толығымен шешіледі. Дәлірек айтқанда, "0, 1, 2, 3 цифрларының әрқайсысы қайталанбайтындай етіп барлығы қанша төрт таңбалы натурал сан құрастыруға болады?" деген есептің шешуі келтіріледі. Есеп екі тәсілмен шешіледі. Бірінші тәсіл - барлық мүмкін болатын жағдайларды таңдап алу тәсілі. Екіншісі - комбинаторикалық тәсіл, теру мен алмастыру формуласын қолдану тәсілі. Математика және математикалық сауаттылықтан есептердің шешімдерін жариялауды жалғастырамын. Бұл есептердің барлығы да "Альсейтов" білім беру орталығында өткізілген сабақтарда талданған есептер.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ БІЗДІ ТАБА АЛАСЫЗДАР:
ВКонтакте: http://vk.com/aman_alseitov
ВКонтакте: http://vk.com/mathematicural
Инстаграм: http://www.instagram.com/alseitov_matematika/
Сәламатсыз ба! Менің аты-жөнім Альсейтов Амангельды Гумарович. Математика пәнінің оқытушысымын, кәсіби репетитормын. Менің ютуб-каналымда математика мен математикалық сауаттылықтан бейнероликтер жарияланып отыратын болады. Олармен таныс болу үшін менің ютуб-каналыма жазылыңыз!
#Альсейтов #АмангельдыГумарович #АльсейтовББО #олимпиада8 #олимпиада9 #комбинаторика #квалтест #ҰБТ #математика #9сынып #теру #регата
Комментарии