Развитие добропорядочности. КИУ. Романов Данил, группа ИСА-19
Описание
ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОN-LINE ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен және «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп, ҚР жоғары оқу орындары мен шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» пәні бойынша халықаралық оп-line олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру мақсатында студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; парасаттылықты қалыптастыру және дамыту; аса дарынды студенттерді іріктеу және қолдау.
Олимпиада екі турда өтті: бірінші турда студенттер www.online.test.kaznu.kz платформасында 60 тест сұрақтарына жауап берді екінші турда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізі ретінде парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және дамыту» тақырыбында ғылыми жобаның бейнефайлын ұсынды. 290 қатысушының (24 қазақстандық және шетелдік ЖОО) бірінші кезеңінен 251 қатысушы өтті, оның ішінде 194 қатысушы екінші кезеңге өтті. Олардың арасында Қарағанды индустриялық университетінің "Саналы ұрпақ" студенттік клубының мүшелері, МиТНМ-19к тобының студенттері Ибраева Адина мен Амина, ПГС - 19к тобының студенті Сақтапберген Арман, ИСА-19к тообының студенті Абдуали Рамазан және ИСА-19 тобының студенті Романов Данил 1 турдан нәтижелі ұпаймен екінші турға өтті.
Екінші турдың қорытындысы бойынша «Бірегейлігі үшін» номинациясында «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшесі, ИСА-19 тобының студенті Романов Данил жеңімпаз атанды.
Теориялық сұрақтар бойынша олимпиадаға «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушылары В. Г. Черкашин және М. Солтан дайындады, ал ғылыми жобаға «Парасаттылық мектебінің» деканы Ж. К. Капашева даярлап, жетекшілік етті.
Біздің студенттердің жеңісі ерекше маңызға ие, себебі олар республиканың және шетелдік жоғары оқу орындарының заң факультеттері студенттері арасында жарысқа түсіп,нәтижеге жетті.
------------------------------------------------------------------------
СТУДЕНТЫ КАРАГАНДИНСКОГО ИНДУСТРИАЛЬНОГО УНИВЕРСИТЕТА СТАЛИ ПОБЕДИТЕЛЯМИ МЕЖДУНАРОДНОЙ ОN-LINE ОЛИМПИАДЫ
Казахским национальным университетом имени аль-Фараби совместно с Департаментом Агентства РК по противодействию коррупции по г.Алматы и республиканским проектным офисом «Sanaly urpaq» проведена международная оn-line олимпиада по предмету «Правовые основы противодействия коррупции» среди студентов высших учебных заведений РК и зарубежных вузов.
Цель олимпиады – воспитание активной гражданской позиции студентов в целях противодействия коррупции, формирование и развитие добропорядочности, выявление и поддержка наиболее талантливых и одаренных студентов.
Олимпиада проходила в двух турах: в первом туре студенты отвечали на 60 тестовых вопросов на платформе www.online.test.kaznu.kz , во втором туре было предоставление видеофайла научного проекта на тему «Формирование и развитие принципов добропорядочности как основы противодействия коррупции». Из 290 участников из 24 казахстанских и зарубежных вузов первый этап успешно прошли 251 участник, из них 194 участника прошли во второй тур. Хочется отметить, что 1 тур прошли члены студенческого клуба «Саналы ұрпақ» Карагандинского индустриального университета, студенты гр.МиТНМ-19к Ибраевы Адина и Амина, гр.ПГС-19к Сақтапберген Арман, гр.ИСА-19к Әбдуәлі Рамазан и гр.ИСА-19 Романов Данил.
По итогам второго тура в номинации «За оригинальность» победителем стал член студенческого клуба «Саналы ұрпақ» КарИУ, студент группы ИСА-19 Романов Данил.
Участников от нашего университета к олимпиаде по теоретическим вопросам подготовили старшие преподаватели кафедры «История Казахстана, социально-гуманитарные дисциплины» Черкашин В.Г.и Солтан М., руководителем научного проекта является декан «Школы добропорядочности», м.г.н. Капашева Ж.К.
Победа наших студентов имеет особое значение, так как за звание лучших боролись студенты юридических факультетов вузов нашей страны и зарубежных вузов.
Комментарии